Евразия24ЖаңалықтарРесей мен АҚШ ХҒС жобасы аяқталғаннан кейін де ғарыш саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруы...

Ресей мен АҚШ ХҒС жобасы аяқталғаннан кейін де ғарыш саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруы мүмкін

|

|

Мәскеу. 25 тамыз. ИНТЕРФАКС – «Роскосмос» пен NASA Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) жұмысы аяқталғаннан кейінгі бірлескен жобаларды талқылады. Келіссөз барысында тараптар ғарыш техникасына қатысты бірқатар техникалық мәліметпен өзара бөліскен. Бұл туралы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Бақанов хабарлады.

«Алдағы жоспарларды талқыладық. Біз ғарыш техникамыздың кейбір техникалық сипаттамаларын ұсындық, олар да өз мәліметтерімен бөлісті. Сондықтан Халықаралық ғарыш станциясының жұмысы аяқталғаннан кейін де Жер маңындағы орбитада ынтымақтастықты жалғастыруымыз мүмкін», – деді Бақанов «Юнашев Live» арнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ХҒС-ты пайдалану мерзімін ұзарту туралы ұсынысты АҚШ тарапы жасаған, ал Ресей бұл бастаманы қолдаған.

«ХҒС-та екі тараптың бір-бірінсіз жұмыс істей алмайтынын түсіну өте маңызды. Біз өзара көмектесуіміз керек. Төтенше жағдай туындаса, бір тарапқа көмекке келе алатын ең алдымен оның серіктесі», – деді «Роскосмос» басшысы.

Бақанов ХҒС-ты бірегей ғарыш кешені деп атады. Станцияда Ресей мен АҚШ ғарышкерлерінің бір-бірінің кемелерімен ұшу тәжірибесі қалыптасқан. Алдағы уақытта тараптар мұнда тағы бірнеше бірлескен тәжірибе өткізуді жоспарлап отыр.

14 шілдеде Бақанов «Роскосмос» пен NASA ХҒС жұмысын 2030 жылға дейін жалғастыру жөнінде келіскенін хабарлаған.

Сонымен қатар Байқоңырда Дмитрий Бақанов, Ресей премьер-министрінің бірінші орынбасары Денис Мантуров және NASA басшысы Джаред Айзекман келіссөз өткізді. Бұған дейін Ресей мен АҚШ Халықаралық ғарыш станциясының жұмысын 2030 жылдың соңында бірлесіп аяқтау жоспарын әзірлегені хабарланған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Әділет» сайлауда 71,17% дауыс жинап, Құрылтайдағы 110 мандатқа ие болды

Құрылтайға өту үшін белгіленген 5 пайыздық межеден бес партия өтті. Сайлауда «Әділет» партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

«Зұлымдық империясы»: Зеленский Ресейге қарсы 40 күндік операцияның қорытындысына көңілі толатынын мәлімдеді

«14 тамызда Ресейдің “зұлымдық империясына” ақыры нүкте қойылды» – батыстық сарапшылар тобы әзірлеген мәтін осылай аталады. Оқуға лайық етіп жазылған екен, ендеше жариялайық. Еш қысқартусыз. Дегенмен әлдекімнің жағада отырып, орындалмас үміттің ақталуын күтуден әбден қажығаны байқалады: «Зеленский өзінің 40 күндік жоспарын жүзеге асырғаннан кейін Путин Кремльдің бір бұрышында бүрісіп жылап, тізе бүгу туралы құжатқа қол қоюға дайын отыр деген сөз де тарап үлгерді.

Қазақстанда міндетті сақтандырудың жаңа түрлері енгізілмек

«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі міндетті сақтандырудың тағы бес түрін енгізуді ұсынды. Қазір Қазақстанда міндетті сақтандырудың сегіз түрі және заң талаптарына байланысты қолданылатын сақтандырудың он түрі бар.

Сайлаудан кейінгі алғашқы тағайындаулар

«Тимур Сүлейменов Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы қызметіне қайта тағайындалды. Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін жалғастырады. Дмитрий Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы болып қайта тағайындалды.