Евразия24Не болдыАлматыда қатыгездік белең алды

Алматыда қатыгездік белең алды

|

|

Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған деуге келмейді. Алайда қатыгездікке қатысты бірнеше оқиғаның қатарынан тіркелуі еріксіз ойландырады. Алдымен көшедегі адамдар жалаңаяқ, қолы байланған әйелге көмектессе, артынша қаланың басқа ауданында тұрғындар итті иесінің қатыгез әрекетінен арашалап қалды.

Енді әр оқиғаға жеке тоқталайық.

«Қазақстанда ер адам өз анасын байлап қойып, жазалап отырған. Жәбірленушіні көшеде Елдар Семейғазынов кездейсоқ байқап қалған. Оның айтуынша, әйел жалаңаяқ жүрген, қолы байлаулы болған. Кейін ұлының оны өзінің отбасылық өміріне араласқаны үшін осылай «жазалағаны» белгілі болды», – деп жазады CMN.

Екінші жағдайда ит қатыгез әрекеттің құрбаны болды. Иесі жануарды көшедегі адамдарға қарай лақтырған.

«Әлеуметтік желілерде Алматыда өтіп бара жатқан адаммен жанжалдасқан әйелдің итке қатыгездік көрсеткен сәті түсірілген видео тарады. Оқиғадан кейін бірнеше ер адам жануарды әйелден алып, ветеринарлық клиникаға жеткізген. Видеодан әйелдің итті қарғыбауынан ұстап тұрғанын, кейін оны алдында кетіп бара жатқан ер адамға қарай лақтырғанын, артынша мойнындағы қарғыбауынан сүйрегенін көруге болады. Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, бұл әйелдің жануарға алғаш рет қатыгездік көрсетуі емес. Бұған дейін жарияланған жазбаларда оның итті ұрып, тұншықтырғаны да айтылған», – деп «Литер» газеті хабарлады.

Куәгерлер араша түсуге тырысқанда, әйел итті қаласа, өлтіріп тастайтынын айтып сес көрсеткен. Абырой болғанда, итті агрессивті әйелден алып кеткен.  Енді итке қамқор болатын жаңа иесі іздестіріліп жатыр.

Екінші оқиғаға қатысты полиция да тексеру бастады.

«Бейнежазбада әйелдің көшедегі адаммен жанжалдасу кезінде қолындағы итті пайдаланғаны көрінеді. Осыған байланысты оқиғаға қатысушылардың жеке басы және болған жағдайдың барлық мән-жайы, соның ішінде жануарға қатысты әрекеттер анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша әйелдің әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті процестік шешім қабылданады», – деп «Литер» газеті Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасайды.

Әрине, кейбір алматылықтарға күз «әсер ете бастады» деп кесіп айта алмаймыз. Мұндай оқиғалар бұрын да аз болмаған шығар. Тек кейінгі кезде әлеуметтік желілердің арқасында олар көп ұзамай жұрт назарына ілігіп жүр. Дегенмен қатыгез мінез-құлық байқатқан адамдарға дәрігерлер мен полицияның дер кезінде назар аударғаны жөн. Біз сөз еткен екі жағдайда да адам шығыны болған жоқ. Бірақ жағдайды қайғылы салдарға дейін жеткізудің қажеті бар ма?

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Президенті Оманмен инвестициялық ынтымақтастықты, көлік байланысын және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы әріптестікті нығайтуға шақырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидтың мемлекеттік сапары аясында өткен Қазақстан–Оман бизнес-форумында сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев Оман сұлтанын Қазақстанның ең жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Оман экономикалық ынтымақтастық жөнінде бірқатар келісімге қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидтың келіссөздері қорытындысында экономика саласына қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Азия қор нарықтары өсті, Оңтүстік Корея индексі төмендеді

Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі ірі елдердің қор нарықтары сейсенбідегі сауда қорытындысы бойынша негізінен өсті. Бұған бір күн бұрын Уолл-стриттегі өсім, Таяу Шығыстан мұнай жеткізілімінің қалпына келе бастауы және жасанды интеллект саласына қатысты оң көңіл күй ықпал етті.