Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарДенсаулық сақтау министрлігі қауіпті инфекциялар бойынша жағдайды бақылап отыр

Денсаулық сақтау министрлігі қауіпті инфекциялар бойынша жағдайды бақылап отыр

|

|

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ресей Федерациясының Иркутск облысында аса қауіпті инфекцияға күдік туғызған жағдай туралы ақпаратқа байланысты ахуалды бақылап отыр. Қазақстанда жағдай тұрақты бақылауда, алдын алу шаралары қабылданды. Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылау жүргізіліп жатыр. Көліктің барлық түрінде дене қызуы көтерілген, ауру белгілері бар немесе аса қауіпті инфекция жұқтырды деген күдік тудырған адамдар анықталған жоқ. Алдын ала бағалау бойынша инфекцияның Қазақстанға әкеліну қаупі төмен деңгейде қалып отыр. (…) Қолда бар мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта ресейлік мамандар эпидемиологиялық тексеру жүргізіп жатыр. Түпкілікті диагноз әзірге ресми түрде расталған жоқ. Инфекцияның ықтимал көзі мен жұқтыру жағдайлары анықталуда».

 

Еуразия24 пікірі:

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде жақсы жолға қойылған бағыттың бірі – жедел эпидемиологиялық бақылау. COVID-19 пандемиясын еске түсірейік. Қазақстанда алғашқы жағдай тіркелмей тұрып-ақ санитарлық қызметтер Қытайдан келетін жолаушылар ағынын бақылауға алған еді. 2020 жылы 6 қаңтар мен 19 ақпан аралығында ғана өткізу пункттерінде 31,5 мыңнан астам адам тексерілді. Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырған алғашқы екі адам 13 наурызда анықталды. Екеуі де инфекцияны шетелден жұқтырып келген. Сол кезде кейбір елдерде науқастар саны жүзден асатын.

Шекарадағы санитарлық-карантиндік бақылау тұрақты түрде жүргізіледі. Мәселен, 2025 жылы 26 өткізу пунктінде 7,2 млн-нан астам адам бақылаудан өтті. Карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың елге әкеліну жағдайлары тіркелген жоқ.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет эндемиялық елдерден келген азаматтарды да бөлек бақылауда ұстады. Нәтижесінде 2025 жылы Қазақстанда оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит және іш сүзегін қоса алғанда, 19 қауіпті инфекцияның бірде-бір жағдайы тіркелмеді.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан тағы несие алды

Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыру мен еңбек өнімділігінің өсуін қолдауға 75 млн АҚШ доллары көлемінде несие беруді мақұлдады. «Қазақстан цифрлық экономиканы дамытуда елеулі нәтижелерге қол жеткізді.Бұл жоба осы әлеуетті еңбек өнімділігін арттыруға негізделген экономикалық өсімге айналдыруға көмектеседі. Атап айтқанда, кәсіпкерлерді қолдау, жоғары білікті жұмыс орындарын ашу және елдің технологиялық секторына қосымша жеке инвестиция тарту көзделіп отыр7

Тоқаев Қазақстандағы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Саденовті қабылдап, елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Қазақстан Қорғаныс министрлігіндегі тексеріс Каспийдегі оқу-жаттығуды әзірлеу мен өткізу кезінде елеулі кемшіліктер болғанын анықтады

Қазақстан Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды кешенді тексеру жөніндегі комиссия Каспийде 14 әскери қызметші қаза тапқан оқу-жаттығуды әзірлеу және жоспарлау барысында елеулі кемшіліктер жіберілгенін анықтады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті оқу-жаттығуда әскери қызметшілер қаза тапқаннан кейін Қорғаныс министрлігінде жүргізілген аудит нәтижелерімен танысты

Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының қаншалықты тиімді пайдаланылғанын анықтау мақсатында жүргізіліп жатқан жоспардан тыс аудиттің барысы туралы есеп берді, деп хабарлады дүйсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.