Мүфтият өкілдерінің айтуынша, мұндай шектеулер бірқатар мұсылман мемлекеттерінде де қолданыста. Құран мен хадистерге сүйенген діни сарапшылар, исламда жүзді ашық ұстауға рұқсат етілетінін және оны толық жабу міндетті діни талап емес екенін еске салды. Сонымен бірге, толық жабыну дәстүрі қазақ халқының тарихи мәдениетіне тән емес.
Өз сөзінде Мақсат Қалиақпаров заманауи, орнықты көлік инфрақұрылымын қалыптастыруда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажеттігін атап өтті. Вице-министр сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастық аясында жүк тасымалын жеңілдету және көлік дәліздерін тиімді біріктіру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 75 мың АҚШ доллары көлеміндегі кезекті пара беру кезінде бірқатар лауазымды тұлғаларды ұстаған.
«Қазақстан Энергетика министрлігінің Карачаганак жобасының акционерлері — Shell және Eni компанияларымен кен орнында газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) салу мәселесі бойынша келіссөздерді тоқтату туралы мәлімдемесі апта жаңалығына айналды. Алайда мұны жеңіс деп қабылдасақ, онда ол — Пирр жеңісіне ұқсайды.
Сарапшының айтуынша, бұл – шынымен де қызықты әрі маңызды үдеріс. Әсіресе, еліміздегі ең беделді әрі ойлы экономистің аузынан бұл тақырыпты тыңдау ерекше әсер береді.