Франция экономикасына дәл қазір үлкен қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда елдегі қаржы ахуалы алаңдатарлық, сондықтан Үкімет бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызды азайтуға кірісуі қажет. Франция банкінің басшысы Эмманюэль Мулен осындай пікір білдірді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда жұма күні мәлімдеді.
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады. «WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілуіңіз – айрықша талантыңыздың, орасан еңбегіңіз бен өз күшіңізге деген нық сеніміңіздің арқасында бағындырған биігіңіз.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері мемлекеттік органдардың дерекқорларымен біріктірілгеннен кейін Қазақстанда 10 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігінен айырылды.
Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов мәлімдеді.
Швейцария ұлттық банкі (SNB) бейсенбі күнгі отырысында негізгі пайыздық мөлшерлемені жылдық 0% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды.
Бұл шешім Trading Economics сауалнамасына қатысқан сарапшылардың болжамымен сәйкес келді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша жақын арада консультациялар өткізетінін мәлімдеді.
Әңгіме Түркістан облысы Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараевтың ұлы Ердәулет Закиров туралы болып отыр. Ол 29 мамырда Астана – Павлодар тасжолында жол апатына түсіп, салдарынан жас жігіт екі аяғынан айырылды.