Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда жұма күні мәлімдеді.
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады. «WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілуіңіз – айрықша талантыңыздың, орасан еңбегіңіз бен өз күшіңізге деген нық сеніміңіздің арқасында бағындырған биігіңіз.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері мемлекеттік органдардың дерекқорларымен біріктірілгеннен кейін Қазақстанда 10 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігінен айырылды.
Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов мәлімдеді.
Президент Дональд Трамптың арнайы өкілдері жарты жылдан астам үзілістен кейін Мәскеу мен Киевке қайта барды. Осы сапарлар Украина мәселесін дипломатиялық жолмен реттеуге бағытталған келіссөздердің жаңа кезеңіне жол ашты. 2025 жылы АҚШ әкімшілігі Аляскада қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыра алмады. Сондықтан бұл жолғы келіссөздерден де айтарлықтай нәтиже шығады дегенге күмән бар.
2025 жылы Трамп Украина мәселесі бойынша келіссөздерге кіріскен кезде Иран дағдарысы әлі туындамаған еді. Ал Таяу Шығыстағы қақтығыстың нәтижесі Вашингтонның халықаралық келіссөздердегі бейтарап төреші ретіндегі беделіне нұқсан келтірді.
Айыппұл Денсаулық сақтау министрлігінің таңбалау жүйесі арқылы жүргізген ауқымды тексеруінің қорытындысы бойынша салынды. Бұл тексеріс туралы сәуір айында да хабарланған еді. Сол кезде 2024 жылы 1 шілдеден бері Қазақстан дәріханаларынан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында халыққа берілуге арналған 4114 дәрі-дәрмек сатылымнан табылғаны белгілі болды.
Польша Сыртқы істер министрі Радослав Сикорский Нью-Йоркте Беларусь СІМ басшысы Максим Рыженковпен келіссөзден кейін Варшаваның Беларусьпен қарым-қатынасты жақсартуға дайын екенін мәлімдеді.
Еурокомиссия (ЕК) сәрсенбі күні Венгрияға ЕО-ның бірлік саясаты қорларынан 4,2 млрд еуро көлеміндегі қаражатты қайта қолжетімді етуді, сондай-ақ елдің Erasmus+ білім беру бағдарламасы мен «Көкжиек Еуропа» ғылыми зерттеулер және инновациялар бағдарламасына толық қатысуына мүмкіндік беруді ұсынды.
Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырыста «Қазақстан Үкіметі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заңды бірден екі оқылымда қарап, қабылдады.
Қазақстан Президенті, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппараты дербес мемлекеттік орган болып құрылғаннан кейін оның қызметкерлерімен алғашқы кеңес өткізді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.