Евразия24Таңдаулы жаңалықтарБразилия соты Facebook пен Google-ды заңсыз контент үшін жауапкершілікке тартты

Бразилия соты Facebook пен Google-ды заңсыз контент үшін жауапкершілікке тартты

|

|

Қазақстан Конституциялық Соты бразилиялық әріптестерінің жаңалығымен бөлісті: «Бразилияның Жоғарғы федералдық соты (STF) интернет-платформалардың үшінші тарап жариялаған контент үшін жауапкершілігін реттейтін №12.965/2014 заңның («Марко Сивил да Интернет») 19-бабына қатысты конституциялық бақылау жүргізді. Бұл мәселені қарауға Facebook пен Google компанияларының шағымдары себеп болды. Facebook жалған аккаунтқа байланысты өтемақы төлеу туралы сот шешіміне дау келтірсе, Google ескі Orkut желісіндегі қорлайтын мазмұндағы қауымдастықты жою туралы талапқа қарсы шыққан еді. STF атап өткендей, интернет-платформалар заңсыз контентті жою кезінде адалдықпен, жедел және ашық әрекет етуге міндетті. Әсіресе жеке тұлғаға қарсы жасалған құқықбұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік құрылымға немесе қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін әрекеттерге қатысты жедел шара қабылдауы тиіс».

Евразия24 пікірі:

Бразилия соты бұрын жалған деректер мен қорлайтын мазмұндағы жарияланымдар үшін жауапқа тартылған Facebook пен Google компанияларының шағымдарын қарап, оларды қанағаттандырудан бас тартты. Сот әлеуметтік желі қолданушыларының мүддесін қорғап, интернет-платформаларды ауыр қылмыс белгілері бар материалдар тараған жағдайда дереу әрекет етуге міндеттеді. Мұндай мазмұнға мемлекеттік құрылымды құлатуға шақыру, терроризмді насихаттау, нәсілдік өшпенділікті қоздыру, зорлық-зомбылыққа үндеу және басқа да қоғамға қауіпті ақпараттар кіреді. Сот платформаларға өздігінен реттеу тетіктерін енгізуді талап етті. Олардың ішінде – пайдаланушыларға хабарлау жүйесі, шағымдарды қараудың ашық рәсімдері және жыл сайынғы есеп беру міндеті бар. Осылайша, Қазақстанда жиі кездесетін – әлеуметтік желілерде жалған аккаунттардың және деструктивті мазмұнның еш жауапкершіліксіз таралуы сияқты жағдайға Бразилия соты нүкте қойып, платформаларды нақты жауапкершілікке тартты.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев әлеуметтік саладағы заңсыздықтарға, әсіресе мүгедектік рәсімдеуге назар аударды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде мүгедектігі бар азаматтар санының өсуіне назар аударып, әлеуметтік салада жеңілдіктерді негізсіз пайдалану жағдайлары бар екенін айтты.

Пәкістан Иранмен энергия тасымалы мен кеме қатынасы мәселесін талқылады

Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Исхак Дар Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесіп, энергия ресурстарын жеткізу мен теңіз арқылы жүк тасымалына кедергі келтірмеу қажеттігін айтты. Бұл туралы Dawn басылымы Пәкістан СІМ мәлімдемесіне сүйеніп хабарлады.

Оңтүстік Корея Таяу Шығыста АҚШ-пен ынтымақтасудың жолдарын қарастырып жатыр

Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелері бойынша АҚШ-пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын, алайда өңірге әскер жіберуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы сенбі күні «Рёнхап» агенттігі Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Гренландияда АҚШ-тың 150-ге жуық әскери қызметкері бар

Қазір Гренландияда тұрақты орналасқан АҚШ әскери контингентінің құрамында шамамен 150 әскери қызметкер бар. Бұл Пентагон деректерінде көрсетілген.