Евразия24ЖаңалықтарПутин Кремльде Уиткоффты қабылдады

Путин Кремльде Уиткоффты қабылдады

|

|

Мәскеу. 6 тамыз. ИНТЕРФАКС – Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффты Кремльде қабылдады. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Уиткофф сәрсенбі күні таңертең Мәскеуге ұшып келді. Оны әуежайда Ресей тікелей инвестициялар қорының бас директоры, сондай-ақ РФ президентінің шетел мемлекеттерімен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Кирилл Дмитриев қарсы алды, деп хабарлады “Интерфаксқа” ақпарат көзі.

Бұл Уиткоффтың биыл Ресейге жасаған бесінші сапары. Соңғы рет ол 25 сәуірде Мәскеуге келіп, сол кезде де РФ президенті тарапынан қабылданған болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Песков Ресейдің ТМҰ-ға қатысуы туралы пікір білдірді

Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуы қисынды әрі орынды болар еді. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеуге әзірге ресми шақыру түспеген.«Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуына келсек, өздеріңіз білетіндей, Ресейдің бірқатар өңірінде тарихи шығу тегі жағынан түркі халықтары тұрады», – деді Песков.

Өзгенің баласын өз атына жаздырған ер адам енді одан бас тарту үшін Конституциялық сотқа жүгінді

Астанадағы Конституциялық сотта судья-баяндамашы Айжан Жатқанбаеваның төрағалығымен баланың анасымен ажырасқаннан кейін өзінің әкелігін даулап отырған ер адамның өтініші қаралып жатыр. Ол баланың биологиялық әкесі емес.

Еңбек министрлігі: сынақ мерзімі жалақы төлемеуге негіз емес

Жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдағанда оның кәсіби дағдыларын және тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін бағалау үшін сынақ мерзімін белгілей алады. Алайда сынақ мерзімі азаматтардың еңбек құқықтарын шектемейді.

Британдық сарапшылар қазақстандық ЖИ жобаларының келешегін бағалады

Қазақстан өнеркәсіпке арналған жасанды интеллект әзірлеуге қатыса алады – британдық басылым. Жасанды интеллект Қазақстанның ақпараттық технологиялар саласын ғана емес, экономиканың негізгі салаларын да өзгерте алады.