Йемендегі соғыстан қашқан 2 мыңнан астам адам Қызыл теңіз арқылы өтіп, Джибутиге барған. Бұл туралы Джибутидің экономика және қаржы министрі Ильяс Мусса Давалех мәлімдеді.
Қысқы маусым жақындаған тұста Еуропа жерасты қоймаларындағы газ қорын жедел толықтыруға кірісті. Сұраныстың күрт артуы бағаны да көтеріп жіберді. Дүйсенбіде өңірдегі негізгі TTF хабында сауда басталғаннан кейін көп ұзамай газдың мың текше метрі 1015 долларға дейін қымбаттады.
Бұған дейін айтқанымыздай, Қазақстандағы саяси-ақпараттық үдерістің нүктесі әлі қойылған жоқ.
Соңғы уақытта БАҚ, әлеуметтік желілер, журналистер мен блогерлер төңірегінде болған оқиғаларға назар аударсақ, ақпарат кеңістігіндегі шектен шыққан бағыттарды тежеу үрдісі байқалады. Әңгіме жұрт назарын бірден аударатын ресурстар туралы. Олардың авторлары Қазақстандағы және әлемдегі оқиғаларға өзіндік баға береді, ашық ұстанымын білдіреді. Бұл пікірді қолдайтындар да, оған қарсы шығатындар да аз емес. Әр жарияланымы сан алуан пікір туғызып, кейде оқырмандардың өзара тартысына ұласатын мұндай алаңдар қоғамдық пікірге ықпалымен ерекшеленеді.
Біздің ұстанымымызды бірден айта кетейік: қазіргі жағдайда мұндай шараларға барудың өз себебі бар және оны орынды деп санаймыз. Әлемдегі ахуал барған сайын құбылып, алдағы жағдайды болжау қиындап барады. Осындай кезеңде Конституциясын жаңартып, «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» қағидатын басты бағдар еткен Қазақстан үшін қоғамдық пікір мен ақпарат кеңістігінде экстремистік көзқарастардың таралуына жол бермеу аса маңызды.
Астанада мысырлық тревел-блогермен бірге билеген екі полиция қызметкері жұмыстан шығарылды.«Қызметкерлер қызметтік әдеп нормалары мен ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын мінез-құлық талаптарын бұзды.
Reporter мәліметінше, көлемі 45 беттен тұратын құжатқа 140 тармақ енген. Онда БРИКС елдерінің халықаралық қауіпсіздік, қақтығыстардың алдын алу, әлемдік сауда, энергетика, жаһандық институттарды реформалау және басқа да мәселелер жөніндегі ұстанымдары қамтылған.
Швейцария ұлттық банкі (SNB) бейсенбі күнгі отырысында негізгі пайыздық мөлшерлемені жылдық 0% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды.
Бұл шешім Trading Economics сауалнамасына қатысқан сарапшылардың болжамымен сәйкес келді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша жақын арада консультациялар өткізетінін мәлімдеді.
Әңгіме Түркістан облысы Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараевтың ұлы Ердәулет Закиров туралы болып отыр. Ол 29 мамырда Астана – Павлодар тасжолында жол апатына түсіп, салдарынан жас жігіт екі аяғынан айырылды.